Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Мықты жанұя» бағдарламасы бойынша қала мектептері педагогтарының тренингі
27-04-2017 03:18
«Мықты жанұя» бағдарламасы бойынша қала мектептері педагогтарының тренингі

Павлодар қаласының № 24 ЖОМ 2017 жылғы 24 сәуір күні «Мықты жанұя» аймақтық пилоттық бағдарламасы бойынша педагогтарға арналған тренингтің 2-ші циклінің ашылу рәсімі болды. Төрткүндік тренингке Павлодар қаласының №21, 28, 24, 17, 29 мектептерінің 30 педагогы қатысады, олар алдағы уақытта оқушылардың отбасыларымен тренингтер өткізеді. Тренингтің бірінші күні тренерлер Линдсей Кумбес пен Дебора Аллен дәріс оқыды, сондай-ақ бағдарламаның 1-ші циклінен өткен Павлодар қаласының № 21 және № 28 ЖОМ педагог-тренерлері Риза Мухамбетова мен Алена Полозюкова интерактивті түрде дәріс оқыды. Сабақтың аяғында рефлексия өткізіледі, қорытынды шығарылады және қатысушылар үй тапсырмасын алады.

Павлодар облысының Білім басқармасы Орталық Азияда есірткі және қылмыс жөніндегі БҰҰ басқармасының аймақтық өкілдігімен бірлесе отырып, Қазақстанда, нақтырақ айтқанда, Павлодар облысында «Мықты жанұя» пилоттық бағдарламасының 1-ші циклін 2016 жылғы қараша айында Павлодар қаласы №21, 28 мектептерінде өткізген болатын.

«Мықты жанұя» бағдарламасы өмірдің дұрыс ұстанымдарын қалыптастыратын ата-аналар, жастар (10 - 14 жас) мен отбасының барлық мүшелеріне және жастар арасында есірткі заттары және қауіпті әрекеттерге ерте кезден салынуды алдын алуға, мықты жанұя құруға арналған. Бағдарлама әлемнің 35 елінде енгізіліп, орыс, испан, португалия, неміс, француз, қытай және басқа тілдеріне аударылған.