ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Балауса» фестивалінің жаңа жұлдыздары
28-04-2017 11:14
«Балауса» фестивалінің жаңа жұлдыздары

«Балауса - 2017» жылсайынғы балалар шығармашылық фестивалі лауреаттардың ең жақсы нөмірлерімен Гала-концертаяқталды. Гала-концерт 26 сәуірде «Достық» концерттік залында өтті.

Гала-концертте «Жүргізушілер», «Вокал», «Композициялық оқу» байқауының ең жақсы көркемдік нөмірлерінің 60 лаурекаты өнер көрсетті. Гала-концерттің жүргізушілері «Жүргізушілер» номинациясындағы фестиваль лауреаттары № 19 ЖОМ оқушысы Асарбаев Мерлан, № 37 ЖОМ оқушылары Серікпаева Лаура және  Бактыбай Илияс, № 43 ЖОМ оқушысы Гончарова Мария. Гала-концертті «Туған жер» шығармасымен «Композициялық  оқу» номинациясының  лауреаттары № 38 ЖОМ оқушылары Әлімхан Ботагөз және Гүлнара Жанболат ашты. Фестивалдің  ең жақсы музыкалық нөмірлерімен «Вокал» номинациясының  лауреаттары «Ел басы - ел бағы» өлеңімен № 21 ЖОМ вокалдық тобы,«Жаңа ғасыр» № 37 ЖОМ вокалдық тобы «Мен қазақпын» өлеңімен, № 41 ЖОМ вокалисі Дюсенова Диана «Отан» өлеңімен, № 26 ЖОМ вокалисі Мананникова Анна «Ана» өлеңімен, № 22 ЖОМ вокалист Секербаев Алишер«Оқуда озат» өлеңін орындады. Фестивалдің ең жақсы музыкалық нөмірлерімен «Композициялық оқу» номинациясының лауреаттары № 43 ЖОМ Глыгало Софья және Нуркиев Эмиль Шыңғыс Айтматовтың «Буранный полустанок» шығармасын, № 6 ЖОМ оқушысы Юрий Смеляков «Хорошая девочка Лида» тақпағын, № 9 оқушылары Безуглая Екатерина және Нагуш Степан «Мен Қазақстанмен мақтанамын» тақпағын оқыды.

Гала-концертте «Балауса» фестивалінде жылсайын лауреат атанатын оқушыларды марапаттау өтті,«Эстрадалық вокал» номинациясында № 25, 21, 24, 37, 18, 28, 22, 43, 2, 40, 12, 41, 35, 14, 30, 19, 26, Кенжекөл,«Стикс» мектептерінің музыка және өлең ұстаздары, фестивалге белсенді қатысқан № 19, 37, 40, 22, 28, 43, 30 мектеп директорлары «Жігер» балалар жасөспірімдер клубының басшысы грамоталармен марапатталды. Үш шығармашылық турдың қорытындысы бойынша  бірінші орынды №18 ЖОМ алды. Абсолюттік лауреат және «Балауса» фестивалінің ауысу кубогының иегері фестиваль ережесіне сәйкес, барлық шығармашылық марафонның ең жақсы нәтижесін көрсеткен № 21 ЖОМ.

«Балауса» қалалық балалар шығармашылығы фестивалі қаланың жалпы білім беру мектептері арасында 15 жылдан аса өткізіледі және қаланың мәдениетті өмірінің дәстүріне айналды.Жылдан жылға оның қатысушылар саны ғана емес, оқушылардың шығармашылық шеберлік мазмұны және сапасы да өсуде. Фестиваль ұйымдастырушысы және бастаушысы Павлодар қаласы білім беру бөлімі Балалардың бос уақытын қамту және шығармашылығы орталығы жыл сайын көркемдік-эстетикалық бағытта шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаздардың,қаланың жаңа таланттарын айқындауға мақсат қояды.

Әділ қазылар құрамында Аймауытов атындағы театр әртістері, Достық Үйінің, Инновациялық Еуразиялық университет,жастар бастамасы Орталығы және филармония,«Шаңырақ» мәдени-ойын-сауық орталығы мамандары жұмыс істеді. Байқаудың үш жанрында қаланың 40 мектебінен 1200 оқушы қатысты. Фестиваль қатысушыларымен үлкен дайындық жұмысты қала мектептерінің ұстаздары жүргізді.