ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас акробаттардың алтын медалі
17-05-2017 03:25
Жас акробаттардың алтын медалі

Спорт акробаты бойынша облыс құрамасы Қазақстан Чемпионатында 8 жүлделі орынға ие болды. Командаға алтын медальді қыздар жұбы Валерия Липина мен Аделина Закиева әкелді. Павлодар қаласының № 41 дене шынықтыру-сауықтыру бағытындағы ЖОМ-ның 4 сынып оқушысы Аделина Закиева 6 жастан бастап № 4 олимпиада резервтегі балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне қатысады. Ол мектепте үздік оқиды, және сабақты спортпен бірге алып жүреді. Бос уақытта сурет салғанды ұнатады. Валерия Липина экологиялық бағыттағы № 36 ЖОМ-ның 8 сынып оқушысы, 13 жастан спорт акробатикасымен, 3 жастан көркем гимнастикамен айналысады. Мектепте жақсы оқиды. Бос уақытында сурет салғанды ұнатады, бимен шұғылданады. Валерияның қоржынында 31 медаль, соның ішінде 24 алтын медаль бар. Қазір жас спортшылар, 2017 жылдың маусымында біздің қалада өтетін халықаралық «Иртышские зори - 2017» турниріне дайындалуда. Оларды жаттықтыратын Татьяна Михайловна Коваленко.

2017 жылғы 2 - 5 мамыр аралығында Тараз қаласыда жастар мен бозбалалар арасындағы спорт акробатикасы бойынша Қазақстан Чемпионаты өтті. Қос жұп бағдарламасы мен 5 санаты (ерлер, әйелдер, аралас жұптар) бойынша жарысқа түрлі жастағы еліміздің 8 облысының 140 спортшылары қатысты. Жарыс 4 жас ерекшелік тобынанда, акробатиканың 5 түрі бойынша өткізілді.