ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Аға тәлімгерлер үшін қалалық семинар
19-05-2017 03:53
Аға тәлімгерлер үшін қалалық семинар

«Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен «Балалар мен жасөспірімдерді сауықтыру және ойын-сауық, жазғы демалысын бірлесіп ұйымдастыру жүйесі»қалалық семинары өтті. Мақсаты  - жазғы демалыс уақытында балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын қамту және демалысын бірлесіп ұйымдастыруға  практикалық көмек көрсету. Семинарға қаланың жалпы білім беру мектептерінің 30 аға тәлімгері қатысты.

Орталықтың жаппай-ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Мерканова Әсемгүл Ермекқызы қатысушыларға балалардың жазғы демалысы бойынша «Әлем. Бала» жобасын ұсынды. Кешенді  жобаға 16 жоба енді: «Жаз. Бала. Денсаулық», «Спортивные каникулы», «Super Ұлдар», «Керемет», «Ребята нашего двора», «Лучший микрорайон детства», «Летние чудеса», «Ерке ханшайым», «Роботоиндустрия  «ЭКСПО», «ЭКСПО танцы», «Ақшағала», «Мегаbattle», «Путь к себе: шаг за шагом», көптілді мектеп «Bestofthebetter», «Сотрудничество без соперничества», «Талапты-1». Орталықтың ұйымдастырушы-ұстаздары семинар қатысушылары үшін жоба бойынша шеберлік сабағын өткізді және тәрбиелік шараларды өткізудің түрлі формаларының практикасын енгізу үшін әдістемелік кепілдеме берілді. «Жас Ұлан» ББЖБ қалалық үйлестіруші Сүлейменова Назерке Абайқызы Астана күніне арналған «ЭКСПО глазами жасулановцев»  алдағы қалалық форумды өткізу туралы түсініктеме берді.