ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жаттықтырушы мәртебесін қорғау
22-05-2017 04:19
Жаттықтырушы мәртебесін  қорғау

Павлодар қаласының білім беру бөлімі әдістемелік кабинетінің  № 24 ЖОМ  жаттықтырушы мектебінің қорытынды отырысында педагогтердің мектеп және қала деңгейіндегі жаттықтырушы мәртебесін қорғауы өткізілді. 443  қатысушыдан өзінің тәжірибесіне инновациялық технологияларды енгізетін және қала, мектеп деңгейінде өзінің тәжірибесін тарататын 22 мұғалімге қорғауға  рұқсат етілді. Мектеп деңгейіндегі жаттықтырушы мәртебесіне 5 үміткерден 5 мұғалім, қала деңгейіндегі жаттықтырушы мәртебесіне 17 үміткерден 16 мұғалім  жаттықтырушы мәртебесін қорғап шықты. Сынақ жүйесінің қорытындысы бойынша тамыз педагогикалық оқуларында жаттықтырушы сертификаттар табысталады.

324 қала және мектеп деңгейіндегі жаттықтырушылармен қатар мәртебесін қорғаған жаттықтырушылар кәсіптік біліммен инновациялық ойлау және тәжірибе - бағдарлық, ізденушілік тәсіл арқылы нақты білім беру мәселелерін шешуі бойынша мектеп мұғалімдерімен  жұмыс жасайды. Оқыту процесінің жобалау және бұл жобаны әрі қарай іске асыру, технология деңгейіне өту мұғалімге кәсіпқой болуға, жеке тұлғасын дамытып, білім берудің баламасын шығарады және бағдарламаның авторы, яғни мұғалімнің шығармашылығының дамуына жаңа белестер ашылады. Бүгінгі таңда қала мектептерінің мұғалімдері 78% оқу-тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологияларды белсенді енгізуде.

Әр мектептің оқу-тәрбие процесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу бойынша жаттықтырушыларды дайындау үшін іс-әрекет ұйымдастыру ойындарында Жаттықтырушы мектебі ұйымдастырылды. Теориялық материалды оқып білетін қатысушылар, тәжірибеде 18 технологияны іске асырып, демалыс кезінде меңгереді, мектеп қауымдастығында апробациялап, жинаған мектеп материалдарының сараптамасына қатысады. Мектепте мұғалімнің инновациялық істерге дайын болуы, жеке дамуының қызығушылығы, кәсіптік құзыреттілікті шыңдайтын жаңа формаларын іздеу туралы мұғалімдердің пікірі іс-әрекетті ұйымдастыру ойындарының құндылығын көрсетеді.