ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000, г. Павлодар, ул. Кривенко, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Аналитика сайта
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Изучаю язык с детства
24-05-2017 05:31
Изучаю язык с детства

 

«Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы аясында Павлодар қаласы білім беру бөлімімен № 46 бала бақшасында қалалық сайыс өткізілді. Мақсаты - ұлттық шығармашылықтың бай мұрасы, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары арқылы мемлекеттік тілді оқыту және рөлін жоғарылату, мемлекеттік тілді үйрету арқылы қоғамдық келісімді және ұлттық бірлікті нығайту. Қалалық сайысқа 30 қала балабақшаларының ересек және даярлық топтары мен мектеп жанындағы шағын орталықтардың өзге ұлт өкілдегі тәрбиеленушілері қатысты.

Қалалық кезең «Тиімді тілдік орта» ойын алаңы формасында өтті. Қатысушылар өздері жайында айтты, шешендік өнерлері мен қазақ ұлттық ойындары тарихы бойынша білімдерін көрсетті. Сайыс қорытындысы бойынша гран-приді №104 бала бақшасы 5 жастағы Кромер Кира иеленді. Кира ұлты неміс, қазақ тілінде өз ойларын еркін жеткізеді. Комиссия мүшелеріне Мұқағали Мақатаевтың «Отаным» өлеңін қазақ тілінде ұсынды. І орынды № 23 бала бақшасының тәрбиеленушісі 6 жастағы Климкина Наина, ІІ орынды № 42 оқу-тәрбие кешенінің тәрбиеленушісі 6 жастағы Мусинская Виктория, ІІІ орынды №24 бала бақшасының тәрбиеленушісі 7 жастағы Ким Тамир иеленді. № 53, № 96 № 93 бала бақшаларының тәрбиеленушілерінің өнері мен жоғары деңгейдегі дайындығын атап өту қажет.