ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қаланың білім беру мекемелеріндегі күрделі жөндеу жұмыстары
21-06-2017 12:12
Қаланың білім беру мекемелеріндегі күрделі жөндеу жұмыстары

Оқушылардың оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыру үшін жағдай жасау, материалдық-техникалық базаны жақсарту және жаңа оқу жылына дайындық жүргізу мақсатында Павлодар қаласының білім беру бөлімі қаланың білім беру мекемелерінде күрделі жөндеу жұмыстарын өткізу бойынша жұмысты бастады.

Жыл сайынжергілікті бюджеттен білім беру мекемелерінде ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қаражат бөлінеді. Биылғы жылы жергілікті бюджеттен күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 378,0 млн. теңге бөлінді. Өткен 2016 жылмен салыстырғанда қаржыландыру 3,5 есе көбейді.

Биылғы жылы өткізілген конкурстық процедуралардың нәтижесі бойынша 20 білім беру мекемелерінде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.

7 білім беру нысандарында (№ 2, 4, 19, 23, 41 жалпы орта білім беру мектептері мен № 21, 85 балабақшаларда) жалпы сомасы 115,5 млн. теңгеге төбе жабындыларының жөндеуі өткізілетін болады, 2 мектепте (№ 7, 12) жылу жүйесін ауыстыру жоспарлануда, бөлінген сомма - 21,0 млн. теңге, 4 мектепте (№ 9, 17, 21, 39) жалпы сомасы - 61, 7 млн.теңгеге энергиямен жабдықтау жүйесінің жөндеуі бойынша жұмыс басталды, 7 білім беру нысандарында (№ 14, 15, 30, 42 жалпы орта білім беру мектептерінде, № 2 БММ, № 116, 121 балабақшада) ғимараттың ішкі күрделі жөндеуі мен басқа да жұмыстарына жалпы сомасы 121,3 млн. теңгеге бөлінді.

Ағымдағы жылдың 20 маусымындағы жағдай бойынша екі жобаны іске асыру аяқталды. 14,4 млн. теңгеге екі спорттық залдың мен № 14 мектептің акті залының күрделі жөндеуі және 2,6 млн. теңгеге № 2 мектеп асханасының төбе жабындысының күрделі жөндеуі өткізілді.

2017-2018 жаңа жылу беру маусымына дайындық шеңберінде, демеушілер есебінен, Ленин кентіндегі № 32 жалпы білім беретін мектеп ғимаратына қоса орналасқан қазандықты алып тастау бойынша пилоттық жоба іске асырылды.

Білім беру бөлімімен үнемі өткізілген жұмыстар бойынша мониторинг жүргізіледі. 2017 жылдың 15 тамызына дейін барлық жұмыстарды аяқтау жоспарланып отыр.