ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Тәлімгерлік - мемлекеттік қызметте жемісті бейімделудің жолы
23-06-2017 03:58
Тәлімгерлік - мемлекеттік қызметте жемісті бейімделудің жолы

Соңғы 2 жылда Павлодар қаласының білім беру бөліміне тәжірибелі мемелекеттік қызметкерлердің орнына жас мамандар келуде. Бүгінгі күні білім беру бөліміне, мемлекеттік қызметке 10 маман қабылданды, бұл 40 % астам құрайды. Осыған байланысты, олардың қызметке бейімделуі үшін тәлімгерлік жұмыстар өткізіледі.Тәлімгерлікте жаңадан келген мамандарға тәжірибелі қызметкерлердің, жұмыс бойынша әріптестердің, ресми тәлімгерліктің рөлін атқаратын мамандардың көмек көрсету бойынша көңіл бөлінеді. Тәлімгерлер жаңадан қабылданған маманға маңызды қаулыларды дайындау бойынша мемелекеттік органның қызметін, ведомствоға бағынысты ұйымдардың жұмыстарын тексеру, ақпараттарды жинау, талдау және жинақтау, мемлекеттік органнның және  оның басқа да бөлімшелері қызметін жетілдірудің өзекті мәселелерін зерттеу және әзірлеу, алқа, кеңестер, отырыстардың жұмысына қатысу үшін жұмылдыру бойынша түсініктеме береді.  

«Практикалық қызметте көргені, тәжірибені арттырады, жұмыстың тәсілдерін игеруге көмектеседі, жаңа дағдылар мен іскерлікті алуға мүмкіндік береді, басқару қызметінің мақсатын меңгеруге, формалды емес байланысты кеңейтуге мүмкіндік береді. Жас мамандарға тәлімгерлерді бекіту үрдісі, жас маманның кәсіби жетістігі жақсы әлеуметтік қарым-қатынас пен ұжым арасындағы нәтижелі қатынастың сай болуы кезінде аяқталды деп санауға болады. Егер жас маманның бейімделуі ойдағыдай өтсе, бұл мемлекеттік органның кадр процессіндегі тұрақтылықтың жетістігі», - деуге болады деп білім беру бөлімі ұйымдастыру секторының бас маманы Әлия Жетпісқызы Хасенова атап өтуде.