ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Қалалық білім беру бөлімі жас мамандарының көрмеге қатысуы
27-06-2017 06:14
Қалалық білім беру бөлімі жас мамандарының көрмеге қатысуы

Мемлекеттік қызметкерлер күніне орай Павлодар қаласы білім беру бөлімінің жас мамандары  Г. Кощегулова, З. Абишева, Д. Арынова, Ж.Арынова, А. Сатбекова, К. Жұмабекова халықаралық EXPO - 2017 көрмесіне қатысуға мүмкіндік алды.

Көрмеде Қазақстан, Оңтүстік Корея, Шри-Ланки, Қытай, Үнді, Вьетнам, Япония елдерінің павильонына қатысыпөз ойларымен бөлісті.

Оңтүстік Корея елінің мәдениеті оларды таң қалдырды, онда энергетика саласындағы заманауи технологиялар, энергияның күші туралы театрланған қойылым ұсынылған. Шри-Ланки көрмесінде экзотикалық ұлттық аспаптармен ойнап, ұлттық киім киіп билеген билерді өздерінің көздерімен көрген. Тайланд павильонында кілем бұйымдарын тоқу және кестелеп дайындау технологиясын көрген. Ерекше әсерді, мақтанышты, шар тәрізді Қазақстан павильонынан алған. Мұнда өзіне ғана тән композияда ұсынылған бүкіл елдің тарихын көруге болады.

Әр қайсысы, Қазақстанның павильонына қатысып, өздеріне көптеген жаңалықтарды алған. Көрме болашақ энергияны ұсынуға мүмкіндік берді.