«Әлем. Бала» кешенді бағдарлама шеңберінде Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Павлодар дарыны»бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен 2017 жылы 28 маусымында № 16 ЖОМ «Балалық шақтың үздік ықшам ауданы» жазғы жобасының «Кітаптар мегаполисі» IV туры өтті. Мақсаты - оқушыларды кітап оқуға баулу, әдеби сюжеттін, көркемдік оқудың қызықты әлемін ашу. Байқауға № 9, 12, 15, 16, 22, 28, 30, 35, 40, Жетекші мектептері қала ықшам аудандарыныңаула топтары қатысты.
Командалар байқауға тиянақты дайындалды және театралдық көрінісін таныстырды. Балалар әртістілігін көрсетіп шықты, ыммен, қимылмен көрсету мүмкіншілігін пайдаланды, сүйікті шығармаларынан сахна қойылымын қойды. Байқау қорытындысы бойынша I орын Жетекші ЖОМ тобы, II орын - № 28 ЖОМ тобы, III орын - № 22 ЖОМ тобы алды. Жетекші ЖОМ тобы «Байдың балалары» ертегі кейіпкерлерін ашық және бейнелі түрде ұсынды. № 28 ЖОМ тобы «Қасқыр және жеті лақ» ертегісінің кейіпкерлерін музыкалық сүйемелдеумен ұсынды. № 22 ЖОМ тобының кішкентай әртістері көрермендерді «Шалқан» ертегісінің көрсетілімін креативтілігімен таңқалдырды. Барлық команда қатысушылары Орталықтың грамоталарымен марапатталды, № 16 ЖОМ тобы белсенді қатысқаны үшін грамотамен марапатталды. Жалпы қамтылуы 133 баланы құрады.