Павлодар қаласының № 2 балалар көркемсурет мектебінде оқушылардың жазғы тәжірибесінің қорытындысы бойынша декоративті-қолданбалы жұмыстар көрмесі ашылды.
Екі ай ішінде мектеп оқушылары, және шағын аудандардан балалар декоративті-қолданбалы шығармашылықтың түрлерімен айналысты, кескіндемелер мен графикада туған өлкенің ғажайып сұлулығын бейнелеп пленэрге шықты. Жазғы тәжірибенің екі кезеңіне барлығы 400 бала қатысты.
Тамыз айының екінші жартысында маусым айында мектепалды лагерінде болған балаларға арналған жазғы тәжірибенің үшінші кезеңі өз жұмысын бастайды. Үшінші кезеңге мектептің 50-ден астам оқушысы қатыспақ. Бұл тәжірибе оларға шығармашылық композицияда өз білімдері мен қабілеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Балалар өсімдік әлемінің ерекшеліктерін түрлі техникалық орындауларда графикалар мен кескіндемелерді бейнелеп зерттейді, ғимараттардың архитектуралық элементтерінің нобайын, құстардың, өсімдіктердің, ағаштардың суреттеуін орындайды. Олар декоративті-қолданбалы өнердің алғашқы көрермендері болады және оны жаңа жұмыстарымен толықтыру арқылы мектептің шығармашылық экспозициясына өз үлесін енгізеді.