«Мектепке жол» республикалық акциясы шеңберінде Естай атындағы ҚМС 17 тамызда Павлодар қаласының білім беру бөлімі кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімімен бірге мектеп жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Жәрмеңкені ұйымдастырудағы мақсат - ата-аналар үшін мектепке киім-кешек пен кеңсе тауарларын төмендетілген бағалармен алуда жағдай жасау.
Жыл сайын акцияна өткізу кезінде қаланың кәсіпкерлері белсенді қатысады. Биылғы жылғы жәрмеңкеге өз өнімдерін 7 кәсіпорын қойды: мектеп киімін тігу бойынша фирмалар - «БАС компани» ЖШС, «Жаркумбаева» ЖК, «Кулибаева» ЖК, Умники и умницы, кеңсе тауарларының дүкендері - «Канцелярская планета», «Деловой», «Воздушная сказка» және «Алматы кітап». Тауарларға деген жеңілдік 20% дан 30% дейін болды.
Жәрмеңкені өткізу кезінде кеңес беру пункті жұмыс істеді, онда ата-аналар мектептен тыс мекемелер жұмысымен танысуға және өз балаларын қызығушылығы бойынша үйірмелерге жазуға мүмкіндік жасалды.
Жәрмеңке өз жұмысын 23 тамызға дейін жалғастыратын болады.