2018 жылғы 13 - 16 маусым күндері аралығында Павлодар қаласы балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының жинақ командасы Баянауыл ұлттық табиғи паркы аумағында өткізілген облыстық туристік слетіне қатысып келді. Құрамында «Вертикаль», «Пирамида», «Усольский меридиан», «Колибри», «Вершина» клубтарының тәрбиеленушілері болды.
Слетке облыс қалалары мен аудандарының 14 командалары қатысты. Командалар 15 жасқа дейінгі 6 қатысушы, 15 - 18 жас аралығындағы 6 оқушыдан құралды.
Слет қорытындылары бойынша Павлодар қаласының командасы І орын иеленді.
Слет шарттары бойынша қатысушылар «Кросс-жорығы» мен «Эстафета» қашықтықтары, «Дала газеті» және «Туристік әні» сайыстарында жарысты.
Павлодар командасы «Кросс-жорығы» қашықтығында қойылған тапсырма - маршруттардың картасы бойынша кедергілерден тамаша өтті, «Эстафета» қашықтығында үздік уақытты көрсетіп, өзгертіп жасалған туристік әнін ұсына білді.
Павлодар қаласының командасы 2018 жылғы шілде айында өтетін республикалық оқушылардың туристік слетіне қатысуға жолдама алды.
Слет Аймақтық дене тәрбиесі оқу-тәжірибелік орталығымен облыстық оқушылар спартакиадасы бағдарламасының көлемінде өткізілді.