Павлодар қаласының Құрманғазы атындағы №1 балалар музыка мектебінің «Сириус» мектеп жанындағы лагерьдің алғашқы аптасы өте шықты. Күн сайын тәңертең балалар жаттығудың өзіне қуана келетін. Қызықты флешмобқа, зияткерлік марафондарға белсене қатысып, конкурстар мен спорттық сайыстарда өз күштерін сынады. Музыкалық ертегіге шығармашылық тұрғыдан қарап, бар ынтасымен дайындалды.
Ұлы Отан соғысында қайтыс болғандарды еске алу күні балалар педаготармен бірге Жеңіс саябағында орналасқан Даңқ ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, соғыс және бейбітшілік туралы өлең оқыды. Бір минуттық үнсіздік жариялап, соғыс жылдарында шейіт болған батырларымызды еске алып, аспанға шар ұшырды.
Алғашқы апта көңілді Нептун күнімен аяқталды. Педагогтар театрландырылған қойылым мен спорттық сайыстар дайындады, ол іс-шаралардың барлығы теңіз сайысы және су дискотекасымен аяқталды.
Оқушылар лагерьде қызықты әрі көңілді күндердің өтіп жатқандығын атап айтты. Ал балалардың қуанғаны педагогтар жұмысының бірден бір көрсеткіші.