Павлодар қаласының № 2 Балалар көркемсурет мектебінің оқушылары 2018 жылдың мамыр айында Қазақстан астанысының 20-жылдығына арналған «Астана - болашақ қала» республикалық балалар шығармашылық конкурсына қатысқан болатын.
Конкурстың ұйымдастырушылары «Егемен Қазақстан» ұлттық газеті мен Астана қаласының ЮНЕСКО балалар көркемсурет мектептерінің клубтары. Конкурсқа 6 - 15 жас аралығындағы балалар қатысты.
Мақсаты - 2050 жылдағы, яғни 30 жылдан кейінгі астана, Астана қаласының жаңа бейнесі, адамдардың жаңа белестері.
«Егемен Қазақстан» сайтындағы дауыс беру қорытындысы бойынша және сараптаушы кеңестің шешімі бойынша № 2 Балалар көркемсурет мектебінің оқушылары марапатталды.
«Болашақтағы Астана» суретімен 8 жасар Евгения Шепилова 2 орынға ие болды, педагогы Валентина Петровна Степанко. Жұмыс түрлі-түсті қарындашпен және қара маркермен орындалды.
Ерекше жұмыстары үшін Әлия Жумагалиева «Менің астанам» көмір техникасында, 15 жас, тушь/қылқалам техникасында «Қазақстан астанасында» жұмысы үшін Тимофей Захаркин, 13 жас, педагог Татьяна Васильевна Ахметжанова, «Астана жағалауы» суретімен аралас техникасында – Алина Сулейменова, 10 жас, педагог Сәуле Бейбитхановна Пернебаева дипломдармен марапатталды.
Барлық жұмыстар кез-келген жасқа қиындық тудыратын сәулет пейзаж жанрында орындалды.
Маусым айында Болгарияның Монтана қаласында өткен «Менің халқымның әуені мен биі» халықаралық конкурсында жақсы жұмысымен ерекшеленген 9 жасар Лиза Пеличке диплом ұсынылды.
Лиза байқауға аралас техникасында орындалған «Түсімдегі самғау» жұмысын ұсында, педагог Сәуле Бейбитхановна Пернебаева.