ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Музыка әлемді тану
04-09-2018 12:38
Музыка әлемді тану

Павлодар қаласының Құрманғазы атындағы № 1 балалар музыка мектебінде салтанатты линейка «Мен - өз елімнің патриотыммын» ұранымен өтті. Мерекелік концертті халықаралық конкурстардың лауреаттары және мектебіміздің түлектері Бакытов Айшат және Аубакиров Айдос ашты, олардың орындауында «Тартыс» күйлер попуриін шертті. Сахнадан тек скрипканың тулаған және рояльдың толқыған үні, гитара шектерінің үйлесімі мен домбыраның өткір үні естілді. Концерттің жарқын нөмірлерінің бірі педагогтардың джаз ансамблінің орындауындағы қызықты «Самба» әуені болды. Скрипкашылар ансамблі өз туындыларын жан-тәнімен орындады (жетекшісі Ольга Владимировна Гагарина). «Колибри» эстетикалық даму тобының жарқын өнері концерттің шарықтау шегіне айналды (жетекшісі Дарига Болатовна Аллахвердиева) олардың орындауларында «Первоклашки» әні шырқалды.

Мектеп контингенті 6-дан 17 жас аралығындағы 500 баланы құрайды. Оқыту 14 мамандық (фортепиано, скрипка, домбыра, қобыз, жетіген, гитара, домра, баян, кларнет, флейта, саксофон, труба, ұрмалы аспаптар, жеке дауыста ән айту) бойынша жүргізіледі.

Мектеп басшысы Ольга Леонидовна Бобровская «Жаңа оқу жылы басталды - жаңа шығармашылық жеңістер, жарқын концерттерге толы болатын жыл. Ол оқушыларға терең білім, есте қалар жаңалықтар әкелсін. Біздің музыка мектебіміз әр жас музыкант үшін үнемі түсіністік, жағымды қарым-қатынас пен әр балаға қолдау көрсететін екінші үйіне айналатынына сенгіміз келеді», - деді.