ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектепте қауіпсіздік сабақтары
05-09-2018 11:34
Мектепте қауіпсіздік сабақтары

Павлодар қаласы № 9 гимназия-мектебінде оқу жылы балалардың қауіпсіздігі сабақтарынан басталды.

Өрт кауіпсіздігі,төтенше жағдайлардағы әрекет, көшеде жүру ережелерін сақтау  тақырыптарына  бірінші сынып оқушыларының ерекше назары аударылды. Мектеп инспекторы  Мұстафина А. Ш. «Мен - жаяу жүруші» экскурсиясын өткізді. Жолдан қалай дұрыс өту және жолда жүру ережелерін сақтау түсіндірілді.

Оқу жылы бойында мектепте құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен - «Әр азамат бұл номерді біледі - 101» қауіпсіздік сабақтары, «Бәлеге ұшырамау үшін-ережені жақсы біл» танырлық сағат, өрт қауіпсіздігі мұражайына экскурсия, облыстық төтенше жағдайлар департаментімен бірлескен практикалық сабақтар үнемі өткізіледі.  6 сынып оқушылары, мектептің  «Жолда жүру Жас инспекторлары» отрядының мүшелері «Жолда жүру ережелерін көбейту таблицасындай біл» атты сынып сағаттарын өткізеді.

«Осындай жұмыс балаларға өмірдің кауіпті ахуалдарын  болдырмауға, әртүрлі төтенше жағдай оқиғаларынан жол табуға,үйде, көшеде, мектепте жеке қауіпсіздік ережелерін білуге және оны сақтауға үйретеді, - дейді мектеп инспекторы.

Сабақтарда 1900 оқушы болды,соның ішінде 253 бірінші сынып оқушылары.