Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Мектепке жол» республикалық акциясы жалғасуда
07-09-2018 09:40
«Мектепке жол» республикалық акциясы жалғасуда

Күнкөрісі төмен отбасылар балаларына, жетім және ата-анасының қамқорлығысыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындалуда көмек көрсету мақсатында, қаламызда ағымдағы жылғы 1 тамыздан бастап 30 қыркүйекке дейін жыл сайынғы «Мектепке жол» республикалық акциясы өтеді.

Білім беру бөлімімен акцияны өткізу бойынша шаралар Жоспары әзірленді, соған сәйкес мектептерде күнкөрісі төмен, қолайсыз отбасылар, жетім және ата-анасының қамқорлығысыз қалған балалардың тізімдері жасалды. Әлеуметтік көмекті талап ететін, балалар деректерінің банкі құрылды. Оқу жылының басында күнкөрісі төмен, қолайсыз отбасылар, жетім және ата-анасының қамқорлығысыз қалған балалар қатарынан материалдық көмекті қажет ететін 1 - 11 сыныптардың - 4700 оқушысы тіркелді.

Бүгінгі күні 2402 оқушыға жалпы сомасы 15341882,7 теңгеге көмек көрсетілді, соның ішінде бюджеттік қаражат 8794229 және бюджеттен тыс қаражат сомасы 6547654 теңге.

Мемлекеттік органдар басшыларына, қалалық және облыстық мәслихаттарының депутаттық корпусына, кәсіпкерлерге хаттар жолданды.

«Қазақстан Халық банкі» бірінші сыныпқа жаңа барып жатқан 71 оқушыларға жалпы сомасы 568000 теңгеге сөмкелер және кеңсе тауарлары түрінде көмек көрсетілді.

«Мектепке жол» республикалық акция шеңберінде Павлодар қаласының білім беру бөлімімен 2018 жылғы 22 тамызда «Манақбай» және «Квазар» сауда үйлерінде мектеп жарақтарын жинақтау үшін қайырымдылық жәшіктері орнатылды. Кәсіпкерлердің көмегімен 1500000 теңге сомасына киім-кешектер, керек-жарақтар жиналды, жиналған киім кешектер Ленинский, Павлодарское, Жетекші, Кенжекөл ауылдарының балаларына таратылды.

Бірінші айдың қорытындысы бойынша 2018 көрсетілген көмек сомасы 17409883 теңгені құрады.