ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Бейтаныс сыныпта ашық сабақтар өткізу
21-09-2018 21:27
Бейтаныс сыныпта ашық сабақтар өткізу

 

Павлодар қаласының білім беру бөлімінің әдестемелік кабинеті 19 - 20 қыркүйекте № 42, 22 жалпы орта білім беру мектептерінде «Жыл мұғалімі» - «Кәсіби шеберлік» (бейтаныс сыныпта ашық сабақ өткізу) қалалық конкурсының II кезеңін өткізді. Мақсаты - шығармашылықпен, ғылым мен тәжірибе тоғысында заман талабымен жұмыс істейтін, білім беру жүйесін дамытуға ықпал ететін дарынды ұстаздарды қолдау.

Сайысқа қатысу үшін 36 қала мектептерінен 51 мұғалімі тапсырыс берді. Педагогикалық өтілі 3 жылдан 5 жылға дейін «Үміт» аталымының қатысушалары - 19 педагог, педагогикалық өтілі 6 жылдан 15 жылға дейін «Шеберлік шыңы» аталымына 18 қатысушы, педагогикалық өтілі 16 жыл және одан жоғары «Шоқ жұлдызы» аталымына 14 қатысушы іріктелді. Конкурсқа 10-нан астам ер мұғалімдері және 70 % -тен астам жаратылыстану-математика бағыты көптілділік енгізу бойынша курстан өткен мұғалімдер қатысты.

«Жыл мұғалімі - 2018» қалалық байқауының бірінші іріктеу турының қорытындысы бойынша 17 қатысушы «Кәсіби шеберлік» (бейтаныс сыныпта ашық сабақ өткізу) екінші турына өтті.

«Үміт» аталымы бойынша көркем еңбек, тарих,география,ағылшын тілі мұғалімдерінің ашық сабақтары ұсынылды.

«Шеберлік шыңы» аталымы бойышна информатика, биология, тарих, қазақ тілі пәнінің мұғалімдерінің сабақтары ұсынылды.«Шоқ жұлдызы» аталымы бойынша ән-күй, биология, география, ағылшын тілі және бастауыш сынып мұғалімдерінің сабақтары ұсынылды.

Әділ қазылар алқасының мүшелері білім беру бөлімінің, жоғары оқу орны өкілдері, директордың оқу және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, қала мектептерінің жоғары санатты тәжірибелі мұғалімдерінің қатарынан құрылды. Әділ қазылар ағылшын тілі, қазақ тілі, ән-күй, информатика, биология, география, тарих, бастауыш сынып мұғалімдерінің жоғары кәсіпкерлігі мен шығармашылықтарын, сабақта түрлі әдістер-тәсілдер мен ақпараттық технологияларды қолданатынын атап өтті.

«Жыл мұғалімі - 2018» қалалық сайысының «Үміт», «Шеберлік шыңы», «Шоқ жұлдызы» номинацияларының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі мұғалімдер күніне арналған мерекесінде өтеді.