ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Педагогикалық идеялар көрінісі
29-10-2018 00:04
Педагогикалық идеялар көрінісі

     «Педагогикалық идеялар көрінісі» Республикалық бейне сабақтар конкурсының өңірлік кезеңіне облыстың қалалары мен аудандарынан 140 педагог өтініш берді. Ең көп өтінімдер саны қалалардан келіп түсті.

      Сараптамалық комиссия жұмысының қорытындысы бойынша 46 үздік жұмыс іріктелді, оның ішінде Павлодар қаласының 24 педагогтың жұмыстары.

      «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудағы заманауи технологиялар» бағытында әдіскер Сырымбаева Мақпал Егеубайқызы (№ 8 балабақша), тәрбиешілер Спотару Альбина Николаевна (№ 6 балабақша), Қожабаева Ләззат Мырзабайқызы (№ 10 балабақша), Бекболатова Гүлнұр Баймаханбетқызы (№ 104 балабақша), Құрманғазинов Серік Ағыбайұлы (№ 1 «Ромашка» балабақшасы) болды.

      «Орта білім берудегі заманауи технологиялар» бағытында бастауыш сынып мұғалімдері категориясында Ракишева Гайша Бактыбаевна (№ 21 ЖОМ), Юрченко Елена Владимировна (К. Макпалеев атындағы № 4 ЖОМ), Жақсылыкова Жанара Жумагуловна (№ 16 мектеп-лицей) болды. Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдері санатында Еленич Наталья Александровна (№ 34 ЖОМ) болды. Ағылшын тілі мұғалімдері санаты бойынша Бейсембаева Қарлығаш Темірбекқызы (№35 ЖОМ), Молдакимова Гайни Асылбековна (№ 17 ЖОМ), Галаган Алеся Михайловна (№ 40 ЖОМ) атанды. Математика мұғалімдері санаты бойынша Надырова Амина Кенжебаевна (№ 40 ЖОМ) атанды. Информатика мұғалімдері категориясында Елубаева Бибинур Бегімқұлқызы (№ 26 ЖОМ), Скляренко Анна Викторовна (№ 29 ЖОМ) атанды. Физика мұғалімдері санатында Калиаскаров Алибек Жумажанович (Кенжекөл ЖОМ) болды. Биология мұғалімдері санаты бойынша Огурцова Татьяна Петровна (№ 17 ЖОМ) атанды. «География/жаратылыстану мұғалімдері» санаты бойынша Асаинова Шынар Бакибаевна (№ 35 ЖОМ) атанды. «Тарих және құқық, дінтану мұғалімдері» категориясында Таран Елена Геннадьевна (№ 29 ЖОМ) болды. «Технология» Байтемирова Асылжан Какимбековна (№ 35 ЖОМ), Синицина Елена Вячеславовна (№ 16 лицей-мектебі). «Дене шынықтыру мұғалімдері» санатында Хаербаев Ардақ Талғатұлы (№ 24 ЖОМ) атанды.

       «Қосымша білім берудегі заманауи технологиялар» бағытында қосымша білім беру педагогтары категориясында Кульжанова Асель Камитовна («Жігер» балалар жасөспірімдер клубы), Текенова Бахыт Капасовна (балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы) болды.

   Жүлделі орындарға ие болған педагогтердің жұмыстары «Педагогикалық идеялар көрінісі» атты бейне сабақтар конкурсының республикалық кезеңіне қатысуға ұсынылды.

    «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында 1 маусым мне 15 қазан аралығында өткізілді. Мақсаты - заманауи педагогикалық тәжірибені жалпылау және танымал ету, бірыңғай ақпараттық-білім беру кеңістігінде педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық құзыреттілігін арттыру.