ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Республикалық байқаудағы жас зерттеушілердің табысы
04-02-2019 10:33
Республикалық байқаудағы жас зерттеушілердің табысы

Облыстың 23 оқушысы қатарында 1 - 7 сынып оқушылары арасында «Зерде» шығармашылық жобалар және зерттеу жұмыстарының республикалық байқауына Павлодар қаласының жалпы білім беру мектептерінің облыстық турының 6 жеңімпаз оқушысы қатысты. Павлодар оқушылары  математика және информатика, физика және техника, медицина және психология, биология және химия, тіл білімі және әдебиет,тарих, өлкетану, этномәденитану, валеология және экология 17 жобамен қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша облыс қатысушылары 10 бірінші, 3 екінші, 4 үшінші орын иегері атанды. Байқаудың жеңімпаз және жүлдегер қатарында Павлодар қаласының барлық 6 қатысушы.

«Валеология және экология» секциясында № 16 лицей-мектебінің 5 сынып оқушысы Түсіпаева Айжан, № 29 ЖОМ 4 сынып оқушысы Тутунбаева Мелек, «Тарих, өлкетану, этномәденитану» секциясында № 21 ЖОМ 2 сынып оқушысы Пархомчук Мариям жеңімпаз атанды.

«Биология және химия»  секциясында № 21 ЖОМ 2 сынып оқушысы Турий-Ладыко Платон ІІ орын иегері.

«Физика және техника» секциясында № 39 ЖОМ 3 сынып оқушысы Ястребов Илья, «Биология және химия» секциясында № 21 ЖОМ 5 сынып оқушысы Абубакаров Мухаммед ІІІ орын  алды.

Республикалық байқау 2019 жылы 30 қаңтар - 1 ақпан аралығында Щучинск қаласының «Балдаурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында өтті, Қазақстанның 500 аса жас зерттеушілері қатысты.