ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қазақ тілі сабақтарында оқу қызметін ұйымдастырудың әдістемелік сүйемелдеуі
04-02-2019 11:48
Қазақ тілі  сабақтарында оқу қызметін ұйымдастырудың әдістемелік сүйемелдеуі

Павлодар қаласының № 21 сәбилер бақшасында қалалық балабақшалардың қазақ тілі мұғалімдеріне арналған «Қазақ тілі  сабақтарында оқу қызметін ұйымдастырудың әдістемелік сүйемелдеуі» атты семинар-практикум ұйымдастырылды. Семинарға қаладағы балабақшалардың 40-тан астам қазақ тілі оқытушылары қатысты.

Семинарда оқу үдерісінде конструктивті нәтижелерге қол жеткізуге көмектесетін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің әртүрлі нысандарын, оқу-әдістемелік және оқыту әдістерін модельдеу және салыстыру мәселелерін талқылады. Осы бағытта  Инновациялық Еуразия университетінің  профессоры - Әсем Қималиденқызы Сүлейменова кеңес берді және практикалық тұрғыда ғылыми негізделген және кеңінен қолданылатын материалдарды ұсынды. №102 сәбилер бақшасының қазақ тілі мұғалімі Мадина Жұмабековна Мағзұмова «Балаларға көркем сөзді үйретудің әдіс-тәсілдері» тақырыбындасөз сөйледі, № 21 сәбилер бақшасының қазақ тілі мұғалімі Алия Тулегеновна Жұмағүлова семинар қатысушыларымен бірге дидактикалық құралдармен ойындар мен ойын  әрекетін өткізді.