ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектеп тарихындағы менің отбасымның тарихы
06-02-2019 16:08
Мектеп тарихындағы менің отбасымның тарихы

2019 жылғы 2 ақпанда Павлодар қаласы № 28 мектептің 50 жылдық мерейтойы кешінде түлектер кездесуі өтті. Мектепті сағынып, аңсағандар балалармен, мұғалімдермен, сыныптастармен, достармен кездесуге барлық мектеп бітіргендерді жинады. Салтанатты шараға әр жылы бітірген 300-ге жуық түлек келді. Олардың көпшілігі әскери қызметтегілер, дәрігерлер, кәсіпкерлер, мәдениет қызметкерлері, инженерлер, басшы қызметкерлер, мұғалімдер болып қызмет етеді, ал өткен жылдар түлектердің мектеппен, мұғалімдермен байланысын нығайтты.

Мектеп директоры Мантыкова Гүлмира Сахтайқызы келген қонақтарді мектептің жетістіктерімен таныстырды. Мектепте 818 оқушы оқиды, жалпы білім беретін пәндер, шахмат, робототехника, информатика кабинеттері бар. Мектеп Қазақстандағы бірегей «Балабақша - мектеп - колледж - жоо - кәсіпорын» желілік қоғамдастығының жобасын жүзеге асыру бойынша жұмыс істейді. Жоба оқушыларға лайықты білім алуға, алған мамандығы бойынша облыстың алдыңғы кәсіпорындарында жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді.        

Оқушылар мен ата-аналар «Мектеп тарихындағы менің отбасымның тарихы» тақырыбына көрме галериясын дайындады. Мультимедия көмегімен «Еске алу шырағы» презентациясын көрсетіп, кеш қонақтары мұғалімдерді еске алды - Валентин Валетинович Конов, дене мәдениеті мұғалімі, Олег Константинович Ленский, музыка мұғалімі,  Татьяна Павловна Венцель және Людмила Григорьевна Неплях, математика мұғалімдері. Мектеп түлектері педагогикалық еңбек ардагерлері мен бұрынғы мектеп директорларына болғандарды Людмила Евгеньевна Дроздова, Наталья Николаевна Овчинникова,  Зейнеп Закарьяновна Оспановаларды жылы лебізбен қарсы алып, ілтипат білдірді. Әр жылғы қалалық «Балауса» байқаудың жеңімпаздары мен қонақтарының сөз сөйлеуі есте қаларлықтай болды, олар Нұрсұлтан  Ордабаев  (2007 жыл), қазіргі уақытта  экономист, Марат Султан  (2018 жыл) қазіргі уақытта студент. Қалалық «Балауса» конкурсының лауреаттары, мектеп оқушылары Наумчук Анна және Таисия Чернова «Детство» әнін шырқады, «Куда уходит детство» әнін Владимир Пантелеев орындады, 1987 жылғы мектеп бітіруші, қазіргі уақытта  мерчандайзер болып қызмет етеді. Мектеп бітірушілердің мектепке деген алғыстары шексіз, алда да биік шыңдардан көріне беруге тілек айтты. «Мектебіме тағзым» акциясына қатысушылар-мектеп түлектері де өз көмектерін аямады.