ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас мамандардың галстуксіз кездесуі
01-03-2019 09:30
Жас мамандардың галстуксіз кездесуі

     Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті Назарбаев Зияткерлік мектебінде «ПроЛС» клубының кезекті сабағын өткізді. Сабаққа 1 жылға дейін жұмыс өтілі бар, жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін қала мектептеріне бөлінген 50-ден астам жас маман қатысты. Мақсаты - жас маманның кәсіби өсуі мен қалыптасуына қолдау көрсету және арттыру.

      Жас мамандар тәжірибелі модераторлары, Назарбаев Зияткерлік мектебі директорының орынбасарлары Бабич Ирина Михайловна, Копеев Арслан Жастлековичпен «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы сабақтың тиімділігіне мониторинг жүргізу», ағылшын тілінің жас мұғалімдері Амирова Б. М., Головинцева В. В., география пәні мұғалімі Касымова А. М., физика пәні мұғалімі М. А. Оспанованың ашық сабақтарын талқылау кезінде алған білімдерін бекітті. Назарбаев зияткерлік мектебінің кітапханасында «Галстуксіз кездесу»сұхбаттасу алаңы өтті. Мектеп әкімшілігінің (көшбасшылар, республикалық конкурстардың жеңімпаздары, тәлімгерлер, менторлар), әдістемелік кабинеттің меңгерушісі, әдіскерлер, жас мамандардың қатысуымен «Бүгінгі жас маман - ертеңгі білікті мұғалім» диалогында мектептің жас педагогтарының жұмыс тәжірибесімен алмасу өтті.

      Павлодар облысы бойынша педагогикалық шеберлік орталығы филиалының тренерлері, аға менеджерлері Мельникова Юлия Геннадьевна, Ибраева Айман Рахимжановна «Эмоциялық интеллект-тиімді коммуникацияның негізі» тақырыбында мастер - класс өткізді. Олар аудиторияны адамның эмоционалдық дағдыларының иерархиясы элементтерімен таныстырып, талдау және өз эмоцияларын басқару механизмдерін көрсетті. Жас педагогтарға эмоциялық ақыл-ойдың дамуына практикалық жаттығулар ұсынылды. Жас мамандардың әдістемелік жинағы семинардың ұсыныстарымен, жаднамаларымен және материалдарымен толықтырылды.