ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Оқушының өзіндік жеке қасиеттерін тәрбиелеудегі рухани-өнегелі тәрбие берудің мәні
04-03-2019 09:16
Оқушының өзіндік жеке қасиеттерін тәрбиелеудегі рухани-өнегелі тәрбие берудің мәні

Павлодар қаласының № 29 орта мектебінің ұйымдастыруымен «Оқушының өзіндік жеке қасиеттерін тәрбиелеудегі рухани-өнегелі тәрбие берудің мәні» атты қалалық семинар 27 ақпан күні өтті. Семинарға жалпы орта білім беру мектептерінен 60-тан астам директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, әдістемелік бірлестіктердің басшылары мен сынып жетекшілері қатысты.

Семинар басында облыстық «Шаңырақ» жобасы аясында қонақтарға ұлттық киіз үй инсталляциясы мен сынып ұжымдарымен  жасалған киіз үйлер көрмесі көрсетілді. «Рухани жаңғыру» жобасының іске асырылуына және мектептегі тәрбие жұмысына  ерекше көңіл бөлінді. Мектептің психологы Ольга Васильевна Стулова мен әлеуметтік педагог Виктория Геннадьевна Хуако педагогикалық кафе формасында ата-аналармен жүргізілетін белсенді  жұмыс формаларын көрсетті.

Семинар қатысушылары оқушының рухани-өнегелі тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған секциялар мен түрлі мастер-класстарға белсенді қатысты. Соның ішіндеток-шоу «Интернет: қарсы не қарсы емеспін» 10-сынып  сынып жетекшісі Роза Нурлановна Мусралинова, «Заманауи музыкалық кеңістік жастар көзімен» формалды емес сұхбат ретінде 8-сынып жетекшісі, тарих мұғалімі Болат Даулетович Сапанов, Олжас Алпамысұлы Умаров музыка мұғалімі, әлеуметтік педагог Виктория Геннадьевна Хуако және мектеп психологы Ольга Витальевна Стулова, «Жақсылық, махаббат, қайырымдылық» әңгімелесу сағатын кітапханашы Ольга Петровна Букина, «Ұлттық тәрбие» сынып сағатын 5-сынып жетекшісі Алтынгуль Армановна Исполова өткізді. «Жақсылық жолымен» - бастауыш сынып мұғалімі Эльвина Геннадьевна Дубовская, И. Тургеневтің «Муму» повесі бойынша «Кім кінәлі» сот-сабағын орыс тілі және әдебиет пәні мұғалімі Наталья Сергеевна Остапенко, «Family day» - биология және ағылшын пәні мұғалімдері Айгерим Жумашевна Бухпанова, Салтанат Бакытбаевна Булатова, «Оқушының рухани-өнегелі болуына күнделіктің алатын орны» мектеп психологы Динара Ертаевна Мукушева, орыс тілі және әдебиет пәні мұғалімі Ирина Георгиевна Бабенко және мектеп хореографы Надежда Витальевна Чернышева дәстүрлі әдебиет кейіпкерлерінің балынан үзінді дайындап, көрерменнің көңілінен шықты.

Семинар соңында материалдар мен оқушылаға рухани-өнегелі тәрбие беру бойынша құнды әдістемелік нұсқаулар берілді.