ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Кекушинкай каратэ бойынша біріншілік
05-03-2019 09:38
Кекушинкай каратэ бойынша біріншілік

Кёкушинкай каратэ күресі бойынша Қарағанды қаласының Чемпионаты  өтті.  Павлодар қаласының № 29 жалпы орта білім беру мектебінің 2 сынып  оқушысы Дюсембинова Саида 7 жасқа дейінгі жастар категориясында 30 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде чемпион атанды.  Жекпе-жек толық 5 раундқа жалғасып, Саида жеңіске жетті. Жалпы чемпионатқа 2000-ден астам спортшы қатысты.

Дюсембинова Саида 5 жасынан бастап кекушинкай каратэмен айналысып келеді. «Бүкіл қазақстандық ұйым кекушинкай каратэ» республикалық қоғамдық  бірлестігінің Павлодар филиалының бала белдеу, екінші дан иегері, Дюсембинова Саиданың спорт жаттықтырушысы Сайлау Ильяс Талғатұлы.

Жас болғанына қарамастан, Саиданың  сары белбеу 6 кю дәрежесі бар. Жас спортшы 2018 жылғы  халықаралық турнирі Евразия Кубогына қатысып, 2019 жылы «Ертіс Аруланы» атты Республикалық турнирінің  І орын алды. «Маған спорт өте ұнайды, менің мақсатым тек Қазақстан чемпионы ғана емес,  Бейбол Адиль, Станислав Базилевич, Анара Суйюндукова сияқты танымал спортшы болу, мектебімнің атын шығару», - дейді Саида. Мектеп өміріне белсенді ат салысып, шығармашылықты, сахнаға шығуды жақсы көреді.