ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Тоғызқұмалақтан әлем чемпионатының қола жүлдегері
06-05-2019 15:11
Тоғызқұмалақтан әлем чемпионатының қола жүлдегері

Тоғызқұмалақтан Әлем чемпионатында қола жүлдені Павлодар қаласының № 19 ЖОМ 11 сынып оқушысы, № 1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі Аружан Абдыханова жеңіп алды. Аружан Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсетті, бапкерлері Жанат Каймульдин мен Роза Райымбекова.

Чемпионатта ол Қырғызстан, Моңғолия, Польша және Қазақстан елдерінен келген қатысушылармен 9 тур өткізді. Жалпы есепте «блиц» категориясында Аружан III орын және қола медаль иегері атанды және халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындады. Жарыс түрік Анталь қаласында өтіп, Колумбия, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Өзбекстан, Ресей, АҚШ, Тәжікстан, Украина, Түркия, Чехия, Швейцария, Латвия, Польша, Пәкістан, Эфиопия, Румыния елдерінен 100-ден астам спортшы қатысты.

Аружан тоғызқұмалақпен 5 жастан бастап айналысады, осы уақыт ішінде Ресей, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан чемпионаттарына қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Ол оқушылар арасында тоғызқұмалақтан бірнеше дүркін чемпион, 2018 жылы әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионатын жеңіп алды. Ол сабағын жақсы оқиды, ағылшын тілін үйреніп жүр, болашақта жаттықтырушылық қызметпен айналысуды жоспарлап отыр.