7 күн бойы Қазақстанның 11 өңірінен келген, өз облыстарында чемпиондар атағын жеңіп алған 7 - 8 сынып оқушылары, «Былғары доп» ұлттық мектеп лигасының үздік футболшылары атағы үшін жарысты. Осы уақыт ішінде футболшылар спорттық шеберліктерін, жеңіске деген жігерлігін, қызықты және тартымды ойын көрсетті.
Турнир қорытындысы бойынша облыс командасы II орынға ие болды, сонымен қатар 143 қатысушы арасында ерекше көзге түскен ойыншылар марапатталды, соның ішінде «Үздік қорғаушы» номинациясында Павлодар қаласының № 24 ЖОМ 8-сынып оқушысы Асаинов Санжар танылды.
Футболдан «Былғары доп» ұлттық мектеп лигасының жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі дене шынықтыру Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының кубоктарымен, дипломдарымен және медальдарымен марапатталды.