ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Туған өлкенің шежіресі
20-06-2019 11:56
Туған өлкенің шежіресі

2019 жылғы 18 маусым күні «Рухани жаңғыру» Президенттік бағдарламасы мен «Туған жер» жобасы шеңберіндеПавлодар қаласының № 43 ЖОМ-нің мектеп ішіндегі лагерьінде 2 - 4 сынып оқушылар үшін өңіріміздің қызықты адамдарымен кездесу өткізіледі. Шара оқушылардың өлкетанымдық ой-өрістерін дамытуға, патриоттық құндылықтар мен белсенді азаматтық ұстанымдарын қалыптастыруға, оқушыларды туған өлкенің мәдениеті, әдебиеті, тарихы мен географиясын тануға шақыруға бағытталды.

Шара қатысушылары мектебіміздің қонақжай  залынан шықпай-ақ Ертіс өңірі мен сүйікті қаламызға керемет  саяхатқа аттанды.  Саяхат жетекшілері Александр Анатольевич Вервекин, «Павлодар география үйінің» директоры, Татьяна Сергеевна Корешкова, Павел Васильев мұражай-үйінің қорын сақтаушы, мектебіміздің үлкен досы, Надежда Александровна Кубик, Павлодар қаласының мұрағат бөлімінің басшысы. Сонымен қатар, мектептің 4 сынып оқушысы Реснянский Елисей өзінің «Павлодар облысы мысалында туған өлкенің минералды байлықтары» аттығылыми жобасын оқушылар назарына ұсынды. Ол өзінің жинақтамасын көрсетіп, не себепті геологиямен айналыса бастағаны туралы айтып берді. Елисейге ақтық тас  пен малахит қатты ұнайды екен. Александр Вервекин біздерді планетамызды қорғауға шақырды, қоқыс туралы жалпы түсінік берді. Балалар көптеген қызықтармен танысты, атап айтқанда Ертіс атауы «Жер қазғыш» деп аударылатынын білді. Татьяна Сергеевна балаларға А. И. Цветаева жайлы бейнеролик  көрсетіп, Павел Васильев жайлы дайындаған презентациясын егжей-тегжейлі айтып берді. Надежда Александровна біздерге ескі құжаттардың тарихын ашты, бұл құжаттардың тарихына алдымыздағы жылы 300 жыл толмақ. Біздің саяхатымыз өте қызықты және танымды болды.