ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қаланың көркемөнер мектебінің оқушылары Баянауылдағы пленерге қатысты
21-06-2019 10:26
Қаланың көркемөнер мектебінің оқушылары Баянауылдағы пленерге қатысты

Баянауыл Ұлттық табиғи саябағына шығумен 2019 жылы 4 - 11 маусым аралығында Павлодар қаласының көркемөнер мектебінің оқушылары «Баянауыл палитрасы» көшпелі пленер-шеберліс-сабағына қатысты. Сабақ күндері 11 оқушы ұстаз Гүлнәр Мерғалымқызы Мұхаметқалинамен бірге  «Березка» демалыс үйінде тұрды.

Павлодар оқушылары осы жерде Екібастұз қаласының көркемсурет мектебі мен Баянауыл ауылының өнер мектебі оқушыларымен бірлесіп өте шығармашылық, танымдық қызығушылығымен өткізді. Павлодарлықтар Баянауылдағы пленерден  өздерімен 30 жұмыс әкелді. Әдемі Баянауыл көрінісі акварель, пастель, коллаж, графика техникаларында жас суретшілердің  парақтарына түсті. Жасыбай көлін Юлия Ракова мен Валерия Русинович өте нәзік және ашық бейнеледі, ал Настя Тихоненко, Маргарита Сутула мен Кутнова Элина тауларды толық әрі айқын жеткізе білді. Балаларға Гамаля Дария Александровнаның шеберлік сабағындағы  қайталанбас коллаж-пейзаждар жазу ұнады. Осы күндері олар Екібастұз қаласының қосымша білім беру педагогтарының Айсұлу Қайнарқызы Омарованың «Сувенир», «Сәндік нақыштау», Азамат Дәулетбекұлы Рахметовтың «Жағажай сөмкесін сәндеу» және «Ұлттық стильдегі Амулет» және Жаяу Мұса атындағы Баянауыл өнер мектебінің ұстазы Өміржан Тұрдығұлдың «Чиеплетение» сәндік-қолданбалы өнерден өткізген шеберлік сыныптарында оқушылар әртүрлі заттарды жасауды үйренді. Балалар өз білімдерін және практикалық дақғдыларын толықтырып, барлық жұмыстарды үлкен ықыласпен орындады.

Осы күндері қызықты экскурсия, саяхат өткізілді. Оқушыларға тауға көтерілу ұнады, Жасыбай батыр  ескерткішінінің етегінде  болып, оның ерлігі туралы аңызбен танысты. Балалар үшін, Торайғыр ауылындағы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы мұражайға және Баянауыл ауылында орналасқан Қ. Сәтпаев атындағы мұражайына, мыстан шатқалы мен Кемпіртас тауына танымдық саяхаттар болды. Олар Торайғыр және Сабындыкөл көлдері жанындағы қандыағаш ағаштарын көріп, таза бұлақ суын ішіп, атақты қазақ ғалымдары, ақындары мен билері шыққан жерлерге барды.