Павлодар қаласы М. Әуезов атындағы ЖОМ 9 сынып оқушысы Матюшонок Дарья 13 және 15 жастағы екі баланы құтқаруға қатысты. Жазатайым оқиға 12 тамызда Усолка жағажайында суға шомылуға жабдықталған жерде орын алды. Ол жағажайдың жағасында болғанда құтқарушылармен бірге жедел жәрдем келгенше жансақтау шараларын жүргізді. 2017 жылы ол суға батқан адамды құтқару кезіндегі ерлігі үшін ТЖМ жедел-құтқару жасағының алғыс хатымен марапатталды.
Ол «Дельфин» құтқару клубтарының және «Жас құтқарушы» мектеп клубының мүшесі. Жаз мезгілінде ол бос уақытында «Дельфин» станциясында үйірме жетекшісі Александр Иванович Носковқа көмектеседі. Жыл сайын мектепте АҚ және ТЖ бойынша оқу-жаттығулар өткізіледі, онда балаларға өрт кезінде қалай эвакуацияланып, алғашқы медициналық көмек көрсету шаралары үйретіледі.
Дарья 9-сыныпты бітірді, оның гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық циклдердің оқу пәндері бойынша жақсы және үздік білімі бар. Жыл сайын орыс, ағылшын тілдері, математика, еңбек десанттары бойынша мектептік пәндік олимпиадаларға, мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысады. Қазақ тілі мен латын тілінен қалалық және облыстық байқауларда жетістіктері бар. Вокалдық өнері бар, концерттерде өнер көрсетеді, ол «Күз аруы» мектеп байқауының екі дүркін жеңімпазы.