«Мектепке жол» республикалық акциясы шеңберінде 15 тамызда Павлодар қаласының білім беру бөлімі Павлодар қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімімен бірлесіп мектеп жәрмеңкесін ұйымдастырды. Жәрмеңкені ұйымдастырудың мақсаты ата-аналар үшін мектеп керек-жарақтарын және балаларға арналған киім-кешектерді арзан бағамен сатып алуға жағдай жасау болып табылады.
Жыл сайын акцияға қала кәсіпкерлері белсенді қатысады. Биылғы жылы жәрмеңкеде 9 сауда кәсіпорны өз өнімдерін ұсынды: «Ильясова», «Рамазанов», «Шәкенов», «Сәрсекеев», «Отау» СҮ, «Барыс», «Әсем», «Новый ЦУМ» ЖК, «Канцелярская планета» кеңсе тауарлары дүкені. Оқу-жазу құралдары, балаларға арналған киімдер сауда фирмаларымен 10 - 30% жеңілдікпен сатылады. Жәрмеңкенің бірінші күні жүздеген павлодарлықтар жиналды, оларды тауарлардың бағасы мен сапасы қуантты.
Жәрмеңке 17 тамызға дейін жалғасады: 15, 16 тамыз сағат 12.00-ден 20.00-ге дейін, 17 тамыз сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін.