ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Білім беру мазмұнын жаңарту контексінде білім берудегі өзгерістерді басқару
16-08-2019 13:43
Білім беру мазмұнын жаңарту контексінде білім берудегі өзгерістерді басқару

         Тамыз педагогикалық марафоны аясында 2019 жылғы 15 - 16 тамызда № 16 лицей-мектебінде «Қазақстандық білім беру мазмұнын жаңарту: болашаққа интеллектуалдық серпіліс» тақырыбы бойынша мектеп директоры орынбасарларының секциясы өтті.

           15 тамыз күні секция аясында «Білім беру мазмұнын жаңарту контекстіндегі өзгерістерді басқару» әдістемелік алаңы ұйымдастырылды, оның барысында 2019 - 2020 оқужылында оқу-тәрбие үдерісін нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету, 2019 - 2020 оқужылының ерекшеліктері, жаңартылған білім беру мазмұнының оқу жоспарларын енгізу мәселелері талқыланды.

         Мектеп директорларының орынбасарларына әдістемелік көмек көрсету мақсатында оқу жұмыс жоспарларын әзірлеу бойынша практикалық сессия өткізілді.

      Педагогикалық марафонның 2 күні аясында «Басқару мәдениетін қалыптастырудағы заманауи мектептегі стратегиялық менеджмент» әдістемелік алаңында педагогикалық қызметкерлердің кәсібилігін дамыту бойынша ғылыми-әдістемелік жұмыстың мазмұны мен формаларын жаңарту жағдайында тиімді мектеп ішілік бақылауды ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

         Сонымен қатар, «Педагог кадрларды аттестаттаудың жаңа форматы: сұрақтар мен жауаптар» атты дөңгелек үстел барысында аттестаттау барысында педагог қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін бағалаудың тиімділігі мәселелері талқыланды.