Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
XIV қалалық педагогикалық марафон
20-08-2019 09:56
XIV қалалық педагогикалық марафон

 

«Білім және ғылым» тамыз педагогикалық кеңесі аясында Павлодар қаласының білім беру бөлімі 2019 жылғы 19 - 20 тамызда XIV қалалық педагогикалық марафон өткізді.

Педагогикалық марафон 3 диалог алаңдарында өткізілді: педагогтар үшін № 25 ЖОМ, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелердің қызметкерлері үшін - № 16, 41 мектептерде. Педагогикалық оқуларға қаланың мектепке дейінгі және мектептен тыс білім беру мекемелерінің 3000-нан астам педагогтары қатысты.

Тамыз педагогикалық оқуларының бағдарламасы пленарлық отырыс және бағыттар бойынша секциялар жұмысын өткізуді қамтиды. Конференцияның пленарлық бөлімінде Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің ғалымдары қатысты: Кененбаева Маржан Ахметкаримовна, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, Алиясова Валентина Нурмагамбетовна, мәдениеттану кандидаты, жалпы биология кафедрасының профессоры, Осипова Серафима Валерьяновна, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, Павлодар мемлекеттік университетінен: Ахметов Қанат Қамбарұлы, биология ғылымдарының докторы, профессор, химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінің деканы, Досанов Талғат Сапарғалиұлы, физика-математика ғылымдарының кандидаты, ПМУ физика және аспап жасау кафедрасының меңгерушісі, Инновациялық Еуразия университетінен: Бейсембаев Амангелді Рақышұлы, философия ғылымдарының докторы, профессор, филология кафедрасының меңгерушісі, Ашимбетова Роза Дүйсенқызы, филология ғылымдарының кандидаты, «Өрлеу» ҰБАО АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры.

Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің, Инновациялық Еуразия университетінің, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің профессорлық-оқытушылар құрамы, Павлодар облысы бойынша «Өрлеу» ҰБАО АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, облыстық білім беруді дамытудың Инновациялық орталығының әдіскерлері, мектеп директорларының орынбасарлары, қалалық әдістемелік бірлестіктердің әдіскерлері мен жетекшілері жалпы білім беретін мектептердің, балабақшалардың, мектептен тыс білім беру мекемелерінің директорлары, директорлардың орынбасарлары, әдіскерлері, педагогтары секцияларының модераторлары болды.

№ 25 ЖОМ және № 16 лицей-мектебінің секцияларында қатысушылар арасында өзекті диалог және жобаларды қорғау өтті, жаттықтырушылар мен үздік педагогтер мастер-класстар өткізді, ағылшын тілі мұғалімдерінің секциясына «DYN Ed» жүйесін ұсынған «Интер Рес Орта Азия» ЖШС бас директоры Джеффри Уитни қатысты. Мектеп директорлары орынбасарларының білім беру мазмұнын жаңарту бойынша инновациялық жұмыс тәжірибесі мен әдістемелік идеяларының жобалары, қаланың шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтарының атқарған жұмыстары мен жұмыс тәжірибесі талқыланды. ең үздік инновациялық педагогикалық материалдар көрмесі ұсынылды: авторлық бағдарламалар, электрондық оқу құралдары, кітаптар, бақылау өлшеуіштері, әдістемелік ұсынымдар педагогтардың шығармашылық топтары, рецензияланған ғалымдар.

Оқу-тәрбие үрдісін технологияландыру, жұмыс тәжірибесі мен жаңалықтары, мазмұнын жаңарту, білім сапасын басқару мәселелері бойынша 49 секцияда TEDx жаңа форматында 200-ден астам инновациялық жоба ұсынылып, қорғалды. Облыстық педагогикалық оқуларға, облыстық және республикалық «Педагогикалық шеберлік - 2020» конкурстарына ұсынылатын 164 үздік жоба білім бөлімінің грамоталарымен марапатталды.