Сенім телефоны
8(7182)205750 8(7182)205850 8(701)4486781 Бакыт Жусуповна 8(718)322167 - отдел образования, 8(718)2321937 - управление образования
email: sad86@goo.edu.kz
Мекенжайы: Катаева, көшесі 23
8(7182)613712
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі-15.00-17.00 Сәрсенбі-15.00-17.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Городской семинар
05-02-2017 15:36

       2.02.2017 ж. №86 балабақша базасында мектепке дейінгі мекемелердің дене тәрбиесі нұсқаушыларына арналған «Балабақша жұмысындағы күн тәртібінде инновациялық денсаулық сақтау технологияларын қолдану» атты қалалық семинар өтті. Семинарды әдіскер Т.Ф.Романевичтің басшылығымен пікірлес-педагогтар дайындады.

       Татьяна Фёдоровна визит карточкамен, балабақшаның басымды бағыттары және «Денсаулық» шығармашылық тобымен таныстырды. Семинардың сюжеті сиқырлы ғарыш ұшағымен ғаламшарларға саяхат жасаумен байланысты болды. Неге ғарыш? Себебі осы мамандық иелерінің денсаулығы, ерік-жігері мықты, тез тіл табыса алады, ғарыштық нано технологияны дамытады. Семинар музыкалық жаттығудан басталды, оған келген қонақтар қатысты. Қатысушылар өз балаларымен бейімделген шығыс медицинасы негізінде өз технологияларын ұсынды. 

       С.А.Лутаева өз дыбыс ғалашарымен таныстырды: мантра (емдейтін дыбыстар үйлесімі), балалар жұмыс істейтін құрал-жабдықтарды көрсетті. И.А.Заречная  өз жаңалығы – «Тай-цзы» шығыс жаттығуымен таныстырды. Бұл жаттығу дене мен рухты жаттықтырады, денсаулықты қалыпқа келтіреді, бас миын үйлестіреді. Роботтар ғалашарын Е.Н.Киршина таныстырды: емдейтін дыбыстарды қолдана отыра, дұрыс демалу негізінде шеңбермен қызықты жаттығу көрсетті. 

       Т.Ф.Романевич қонақтармен «Бізді жылдам зымыран күтуде» қозғалыс ойынын өткізді. «Эмоджи» ғаламшарына жүзу бойынша нұсқаушы О.Н.Якуба шақырды. Ол «Эмоджи» массажёрын жасау бойынша шеберлік сыныбын және осы  массажёрды қолдана отыра Стрейчинг жаттығуын өткізді. Келесі «Оль – Ли» ғаламшарын Л.А.Швайчук  ұсынды. Ол балабақша базасында қарындаш таяқшаны жетілдіріп жасап бітіргенін, балаларға қажетті де қызықты «Су – Джок» бойынша нүктелі массажға арналған массажер жасалғандығын айтты. Біз оған «Оль–Ли»деген атау бердік, Ольга–Лилиядеген есімдерден алынды. «Оль–Ли» таяқшалары массажер ретінде ғана қолданылымайды, сонымен қатар, қол буындары мен білектің белсенді нүктелеріне әсер етеді, ұсақ моториканы, саусақ және қол буындарының иілгіштігін дамытады. Әр ғаламшардың өз белгісі және қонақтардың бағдарламаларында да белгі болды. Әр инновациялық технологияны көрсету барысында педагогтармен белгілері сәйкес келген қонақтар жұмыс істеді. Сондықтан да семинар барысында қалыс қалған адам болған жоқ. Жұмыс жақсы ұйымдастырылды. Семинар соңында барлығына фитошай ұсынылды. Барлығының көңіл-күйі көтеріңкі болды.