Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182) 20-10-11
email: sad50@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Ломов көшесі 149/1 үй
басшы - 8(7182) 201011, жалпы - 8(7182) 222707, бухгалтерия 8(7182) 220077
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі, бейсенбі -сағат 15.00- 18.00 дейін.
Ең үздік табиғат бұрышы
04-03-2013 11:14
Ең үздік табиғат бұрышы

Балалардың балабақшада табиғатпен танысуы ұдайы және тікелей онымен қарым-атынасты талап етеді. Ол үшін балабақшаларда табиғат бұрыштары ұйымдастырылады. Табиғат бұрышы аса көп емес мекендеушілер санына, олардың қарапайым сипаттамаларына балалардың зейіндерін тұрақтандыруға мүмкіндік береді, осыдан терең және берік білім алуды қамтамасыз етеді. Сонымен бірге табиғат бұрышындағы мекендеушілердің кеңістіктік жақындығының мәні бар. Балалар өсімдіктер мен жануарларды жақсылап қарауға, оларды ұзақ уақыт бақылауға мүмкіндік алады.

Біз, №50 сәбилер бақшасының тәрбиешілері балалардың зерттеулерге, жаңалықтарға қызығушылықтарын сақтап, дамытуға, ол үшін қажетті жағдайлар жасауға талпынамыз. Барлық топтарда табиғат бұрыштары ғылым орталықтарымен біріктірілген, ол балалардың танымдық қызығушылығын, байқампаздығын дамытуды, ойлау іс-әрекеттерін қалыптастыруға әсер ететіні белгілі. Табиғат бұрыштарының ұйымдастырылуы балалардың  қолданыстағы тәрбие мен оқыту білім беру бағдарламалары қоятын талаптарға жауап беру керектігін атап өту керек.

2013 жылғы 1 наурызда, біздің балабақшада ең үздік табиғат бұрышына байқау конкурсы өтті. Табиғат бұрышы көзге жағымды көрініп, интерьерді көріктендіріп, барлық объектілер, балалар еркін жақындап, табиғат бұрышында бақылап, еңбек ете алатындай орналасуы керектігі назарға алынды. Конкурс қорытындысы бойынша 2 сәбилер "А", естияр "Б", ересек "Б" және даярлық "Б" топтарына жүлделі орындар берілді. Осы топтарда балалар тек өсімдіктердің өсуін әр түрлі жағдайда бақылап қана қоймай, өз бақылау нәтижелерін арнайы күнделіктерде жаза алады.