Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182) 20-10-11
email: sad50@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Ломов көшесі 149/1 үй
басшы - 8(7182) 201011, жалпы - 8(7182) 222707, бухгалтерия 8(7182) 220077
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі, бейсенбі -сағат 15.00- 18.00 дейін.
«Адамдардағы жақсының бәрі- балалық шақтан!»
18-04-2017 16:59
«Адамдардағы жақсының бәрі- балалық шақтан!»

       Біздің балабақшада балаларды тәрбиелеу мен оқыту үрдесі табиғатпен тікелей байланыстыра жүргізіледі. Балаларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу барысында өсімдіктер әлемімен таныстыру арқылы, оларды күтіп - баптаудың жолдарын үйрете отырып, аялай білуге тәрбиелейміз.
Ақпан айынан бастап балабақшада «Терезедегі ертегі» атындағы танымдық-тәжірибелік жоба басталды. Бұл жобаға балалар, ата-аналар, тәрбиешілер қатысады. Экологиялық КВН, шығармашылық көрмелер, жұмбақ сайыстары тағы да басқа шаралар ұйымдастырылып жатыр.Балалар өз қолымен еккен, отырғызған көкөніс, гүлдер тұқымдарының өсуін бақылап, өсімдіктің өсуі үшін жарықтың, жылудың, топырақ ылғалдылығының қажеттілігі туралы түсініктер алды. Мұнда балалардың білімін толықтыру мен қатар олардың интеллектуалдық қабілеттерінің дамуы үшін мәдени-экологиялық орта құрылады, табиғатқа деген жаңаша көзқарас пен қатынас қалыптастыру міндеті шешіледі.
                                                                  №50 балабақшаның әдістемелік тобы