Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
«Наурыздың бояулары» көрмесі
18-03-2024 09:34
 «Наурыздың  бояулары» көрмесі
16 наурызда Н. Нұрмұхамедов атындағы облыстық көркемсурет мұражайында Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебі және Ақсу қаласының өнер мектебі оқушыларының сәндік-қолданбалы өнер бойынша «Наурыздың  бояулары» атты жұмыстар көрмесінің ашылу салтанаты өтті.
 
Іс-шараның ұйымдастырушысы білім бөлімінің бастамасымен Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебі болып табылады.
 
Көрменің мақсаты:
- мәдениетке, өнерге және ұлттық құндылықтарға қызығушылықты қалыптастыру, ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді дәріптеу, облыс оқушылары мен тұрғындарын тарихқа, дәстүрлерге баулу. Көрме айдың соңына дейін жалғасады.
 
 
 Сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалардың: Қазақстан халқының дәстүрлерін бейнелейтін пейзаждар, композициялар, ойындар, билер, қазақтың ұлттық нақыштары бар натюрморттар сияқты жұмыстары қойылды. Жұмыстар әр түрлі дәстүрлі және дәстүрлі емес әдістермен орындалған: акрилды кескіндеме, киіз басу, ыстық батик, жұқа киіз, құрғақ және дымқыл киіз басу.
Сондай-ақ, көрменің ашылу күні балалар көркемсурет мектебінің тәрбиеленушілеріне арналып «Шебер ұстаз-өнегелі шәкірт», Павлодар қ. БКМ педагогтары Д.С. Смыковтың киіз басу бойынша «Гүлдер»,  А.А.Балинның қыш өнері бойынша «Үкі», қазан суретшісі Руслан Ибрагимовтың акварель бояуларымен шеберлік сабақтары өткізілді.