2018 жылдың 1 және 15 маусым күндері аралығында №1 Балалар көркемсурет мектебінде "Шеберлер мектебі" атты жазғы бейінді лагері өтті. Мұнда барлық оқушылар жазғы пленэрлік тәжірибеден өтті. Оқушылар қоршаған ортамен танысып, қаланың сәулет өнерін зерттеді, үйренген техникаларды тәжірибеде қолданып, жаңа сурет салу стильдерін үйренді. Қаланың әр түрлі көркем кескінді жерлеріне серуендеді. Солай оқушылар көркемөнер мұражайында жапондық суретшінің сурет көрмесіне, Г. Потанин атындағы өлкетану мұражайына барып келді; өлкеміздің фаунасымен танысып, Ертіс өзенін қағаз бетіне түсіріп, басқа да қаламыздың әсем бұрыштарын тауып бейнеледі, Баянауылдаға ұлттық жерлерге пленэрге шығып, Астана қаласына "Ұлы дала түстері" атты республикалық пленэрлік шеберлік сабақтарына барып келді.
Жазғы лагерь - 2018