Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
За год
За месяц
За неделю
Вчера
II қалалық «Үркер» фестивалі.
04-03-2011 11:43
II қалалық «Үркер»  фестивалі.

.Павлодар қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20- жылдығына арналған шаралар  аясында балалардың бос уақытын қамту және шығармашылығы орталығының « Эмералд» клубында  2 қалалық «Үркер» фестивалі өтті. Фестиваль мақсаты – қала шеңберіндегі 5 қосымша білім беру мекемелері хореограф ұстаздарының өз қызметтерінде жетістікке ие болған әдіс-құралдармен тәжірибе алмасу және балалардың  оқу жылында үйренген шығармашылық өнерін көрсету.Фестивальдің  бірінші   семинарлық бөлімінде   орталықтың  әдістеме бөлімінің меңгерушісі Коломеец В.В балаларды  тәрбиелеу процесінде авторлық бағдарламалар құру тәсілдеріне қатысты баяндама жасап,бүгінгі заман талабына сай қолдануға байланысты ұстаздармен методикалық талдау-тәжірибе сабағын өткізді.Талқылау барысына  ұстаздар Никитина Е.А, Доброскок И,   Лактионова О қатысып,өз ойларын ортаға салды.

Фестивальдың екінші бөлімі  «Салем», «Азат», «Эмералд», «Жігер»,  « Дос» клубтарының  тәрбиеленушілері мен  ұстаздарының шығармашылық есебімен жалғасты.Әсіресе ,билеу өнерінің техникасын өте жақсы  меңгерген  тәрбиеленушілер « Азат » клубы (ұстазы Пак Н), «Эмералд»клубы (ұстазы Беседина Т), «Дос» ( Шевчук П), «Жігер» клубы( Умарбеков Р.К ) бойынша көзге түсті.

Фестивальдің  жұмыс  барысын балалардың бос уақытын қамту және шығармашылығы орталығы директорының орынбасары Давжанова З.К қорытындылады.