Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің кіші Отаным» атты VІ Республикалық интеллектуалдық конкурсының қалалық іріктеу кезеңі туралы
09-10-2023 18:02
9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің кіші Отаным» атты VІ Республикалық интеллектуалдық конкурсының қалалық  іріктеу кезеңі туралы

2023 жылғы 10 қазанда "Павлодар дарыны" бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығы жас тарихшылардың «Менің кіші Отаным» атты VІ Республикалық интеллектуалдық конкурсының қалалық  іріктеу кезеңін өткізеді.

Жыл сайын туған жер тарихына қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамытуға, өскелең ұрпақтың бойына ұлтжандылықты қалыптастыру, өзінің туған өлкесінің тарихын және құндылықтарын мақтаныш сезіммен жеткізуге бағыттау мақсатында өткізеді.

Конкурс 2 кезеңде өтеді: І кезеңде – оқушылардан Қазақстан тарихы пәнінен тест алынады, ІІ кезеңде – 4 номинация бойынша: «Менің шағын Отанымның тарихы» презентация; «Шағын Отанымның символы» презентация; «Менің шағын Отанымның болашағы» нысан-макетін дайындайды; және «Менің туған өлкем» тақырыбына эссе жазады.