Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Музафар Әлімбаевтың 100 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция
21-11-2023 17:57
Музафар Әлімбаевтың 100 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция
2023 жылғы 21 қарашада "Павлодар дарыны"  бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығы    Музафара Әлімбаев  атындағы ЖОМ  бірлесіп   Қазақстанның   халық жазушысы, ақын, аудармашы , әдебиеттанушы Музафар  Әлімбаевтың  100 жылдығына арналған қалалық ғылыми–практикалық конференция өткізді.

Конференцияның  негізгі мақсаты  -  оқушылар арасында жазушының  шығармашылығын   насихаттау, олардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту, тарихи білімді қалыптастыру, жазушының рухани ләззатына деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу.

Конференция практикалық және пленарлық бөлімдерден тұрды.

Конференцияның практикалық бөлімінде қаланың   38  мектебінен 200 оқушы үш секцияда сөз сөйледі: " М.Әлімбаевтың иллюстрациялары бойынша сурет салу", " М. Әлімбаевтың шығармаларын жатқа оқу",

"Шығармашылық жұмыс.  

Конференцияның пленарлық бөлімінде  Торайғыров университетінің   профессоры  Зейнуллинова Айман Файзуллаевна, Павлодар облысы Бұқар Жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайының  басшысы , жазушы-өлкетанушы Ербол Мәтіұлы, ҚР Жазушылар қазылар алқасының мүшесі, ақын, сатирик, "Балалар әдебиеті" номинациясы бойынша "Алтын қалам" әдеби байқауының жеңімпазы Алпысбай Әбділұлы сөз сөйледі.

Пленарлық бөлімде Павлодар қаласының білім бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен конференцияның практикалық бөлімінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің салтанатты марапаты өтті. І дәрежелі дипломмен 11 оқушы, II дәрежелі дипломмен 31 оқушы , III дәрежелі дипломмен – 46 оқушы марапатталды.

 Жүлдегерлердің тізімі қоса беріледі.