Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Президенттік олимпиаданың қорытындысы
24-11-2023 15:41
Президенттік олимпиаданың қорытындысы

Президенттік олимпиаданың қорытындысы

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндері бойынша XVІ Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңі аяқталды. Қазақстанның барлық өңірлерінен 199 оқушы үздік болу құқығы үшін күресті. Зияткерлік жарыстар ағымдағы жылдың 21-24 қараша аралығында академик Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің базасында өтті.

 

Президенттік олимпиада-бұл еліміздің дарынды оқушыларын анықтауға және олардың әлеуетін іске асыруға қолдау көрсететін, сондай-ақ жарқын болашаққа трамплин ретінде қызмет ететін бірегей жоба.

Павлодар облысын 13 оқушыдан тұратын команда, оның ішінде Павлодар қаласынан келген екі оқушы – № 39 ЖОББМ оқушысы Ілияс Әмірәлі және А. Байтұрсынов атындағы ЖОББМ оқушысы Әбішев Нариман  қатысты .

XVІ Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңінің қорытындысы бойынша 10 қатысушы I дәрежелі дипломмен, 15 қатысушы II дәрежелі дипломмен және 27 қатысушы ҚР Білім министрлігінің III дәрежелі дипломымен марапатталды. Олардың ішінде І дәрежелі дипломмен Павлодар қаласы А. Байтұрсынов атындағы ЖОББМ оқушысы - Әбішев Нариман марапатталды.

Президенттік олимпиада жеңімпаздарына білім гранттары берілді. Әбішев Нариман Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетіне оқуға 100% грант алды.

А. Байтұрсынов атындағы ЖОББМ әкімшілігі мен Нариманды жеңісімен құттықтаймыз!