Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Ілияс Жансүгіров оқулары» облыстық байқаудың үздік оқырмандары
01-12-2023 11:55
«Ілияс Жансүгіров оқулары» облыстық байқаудың үздік оқырмандары

«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2023 жылғы 30 қарашада 8-11 сынып оқушылары арасында «Ілияс Жансүгіров оқулары» республикалық байқауының облыстық кезеңін өткізді.

Байқаудың мақсаты – Ілияс Жансүгіров шығармашылығын мектеп оқушылары арасында кеңінен насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамын, дарындарындылығын ашу.

Байқау үш бағыт бойынша өтті: бірінші – «Ілияс – қазақ поэзиясының жыр құлагері» - ақынның поэмаларын жаттау; екінші – «Ұлы тұлғаға арнау» өз туындысын жатқа оқу; «Ілияс – сөз шебері» прозалық немесе драмалық шығармаларынан үзінді мәнерлеп оқу.

Іс – шараға қалалардың, аудандардың жалпы білім беретін білім беру ұйымдарының, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің 47 оқушысы, оның ішінде Павлодар қаласы мектептерінің 3 оқушысы – «Ілияс Жансүгіров оқулары» қалалық кезеңінің жеңімпаздары № 2, 17, 30 мектеп оқушылары қатысты.

Оқу қорытындысы бойынша Павлодар қаласының мектептерінен  2 оқушы жүлделі орындарға ие болды.

 «Ұлы тұлғаға арнау»номинациясында - III дәрежелі дипломмен № 17 мектебінің 10 сынып оқушысы Туғанбай Әмірхан  марапатталды;

«Ілияс – қазақ поэзиясының жыр құлагері» номинациясы бойынша II орынға № 30 мектебінің 10 сынып оқушысы Ақтай Толғанай ие болды