Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Жыр алыбы - Жамбыл»
04-12-2023 15:36
«Жыр алыбы - Жамбыл»

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығымен  2023 жылғы 4 желтоқсанда «Жыр алыбы – Жамбыл» республикалық айтысының қалалық кезеңі өткізілді.

Айтыстың мақсаты – қазақ халқының әдеби мұрасын насихаттау, оқушылардың классикалық әдебиетті оқуға деген қызығушылығын арттыру.

Қаланың 8 жалпы білім беретін мектебінен 8-11 сыныптардың 12 оқушысы қатысты.

Айтыс екі бағыт бойынша өтті: «Тақырыптық айтыс»  және «Қайым айтыс». Айтыс қорытындысы бойынша:

-   «Тақырыптық айтыс» І орын иегері М.Жүсіп атындағы мектептің 11 сынып оқушысы Шахмарданов Темирлан, ІІ орынды №: 33, 35, Қ.Бекқожин атындағы мектеп оқушылары  ие болды; ІІІ орын иегерлері № 30, Малайсары батыр атындағы, Ж.Тәшенев атындағы, Кенжекөл мектебінің  оқушылары. 

- «Қайым айтыс» ІІІ орынды № 30 мектептің 5 сынып оқушысы  Әқпарғали Айша және Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы Тулеубаева Анель иеленді.

Қазылар алқасы оқушылардың шығармашылығын, музыкалық және ритмді, сондай – ақ қарсыластың аргументтеріне қарсы тұрудағы ақылдылығын атап өтті.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы білім беру бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен және барлық қатысушылар «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының сертификаттарымен марапатталды.

 Айтыс  жеңімпаздары ағымдағы жылдың 6 желтоқсанда өтетін облыстық кезеңге қатысады.