Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Жалпы білім беретін пәндер бойынша ауылдық олимпиаданың қорытындысы
27-12-2023 18:04
Жалпы білім беретін пәндер бойынша ауылдық олимпиаданың қорытындысы

       2023 жылғы 22 желтоқсанда "Павлодар дарыны" бос уақытты  қамту және  балалардың  дарындылығын дамыту орталығында ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.

         Олимпиаданың мақсаты-Қазақстанның шалғай елді мекендерінен талантты  және дарынды балалардың қабілеттерін анықтау және нығайту, халықаралық деңгейдегі олимпиадаларға қатысуға ынталандыру.

         Олимпиаданың облыстық кезеңіне Павлодар облысының 9-11 сыныптың 781 оқушысы, оның ішінде Павлодар қаласының 4 ауылдық мектебінің 24 оқушысы қатысты.

         Облыстық олимпиада қорытындысы бойынша 6 қатысушы жүлделі орындармен марапатталды: І дәрежелі дипломмен № 40 орта мектептің 11 сынып оқушысы Максим Комаров және Кенжекөл орта мектебінің 10 сынып оқушысы Берік Аружан марапатталды.

         ІІІ дәрежелі дипломмен № 40 орта мектептің 9 сынып оқушысы Төлеген Диана, Кенжекөл орта мектебінің 9 сынып оқушысы Егінбай Надир,10 сынып оқушылары Зардхан Жансұлу және Шаймұрат Асанәлі марапатталды.

         Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Павлодар облысы білім басқармасының дипломдарымен марапатталды.

         Жалпы білім беретін пәндер бойынша ауылдық олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздары 2024 жылғы қаңтарда республикалық кезеңге қатысады.