Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«EL UMITI Talent» республикалық олимпиада
04-01-2024 14:42
«EL UMITI Talent» республикалық олимпиада

«EL UMITI  қоры» корпоративтік қорының ұйымдастырылуымен 2023 жылғы 30 қазан – 4 қараша аралығында  7-9 сынып оқушылары арасында «EL UMITI Talent» атты  онлайн форматта республикалық олимпиаданың   күзгі кезені өткізілді. Олимпиадаға 600-ден астам оқушылар қатысты.

Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың академиялық қабілеттерін анықтау, теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету, дарынды балаларды анықтау үшін қажетті жағдай тудыру, халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды даярлау, олимпиадалық қозғалысты танымал ету. Олимпиада математика, физика, химия пәндері бойынша өтті.  Павлодар облысынан  49 оқушысы  қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша ІІ дәрежелі дипломмен Тәшенев атындағы орта мектептің 9 сынып оқушысы Біржан Ілияс марапатталды.

Ілиясты құттықтаймыз және оқуда одан әрі табыс тілейміз!