Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ҮШІНШІ КЕЗЕҢІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
10-01-2024 16:51
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ҮШІНШІ КЕЗЕҢІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

«Ертіс дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы А. Шамкенов атындағы мектеп-лицейінде 2024 жылғы 3-6 қаңтар аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының облыстық кезеңін өткізді, оған облыстың жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептерінің 9-11 сыныптың 600 астам оқушы - олимпиаданың қалалық және аудандық кезеңдерінің жеңімпаздары қатысты.4 күн ішінде Павлодар қаласындағы 21 жалпы білім беретін мектептің 61 оқушысы үздік болу құқығы үшін күресті.

          Олимпиаданың мақсаты: шығармашылық қабілеттерін дамыту, оқушылардың теориялық білімі мен практикалық дағдыларын тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі тануына жәрдемдесу, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, оқушыларды халықаралық олимпиадаларға іріктеу және дайындау, республикадағы білім берудің беделін арттыру.

           Олимпиада жаратылыстану-математикалық бағыттағы (математика, информатика, физика, химия, биология, география) және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі) Қазақстан тарихы, құқықтану негіздері, ағылшын, неміс, француз тілдері) 15 жалпы білім беретін пәндер бойынша 2 турда өткізілді.

          Олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша 9 қаңтарда Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында салтанатты жабылу және жүлдегерлер мен жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті. Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары 47 жүлделі орынға ие болды, оның ішінде I орын – 10, II орын - 14, III орын - 23. Қалалар арасында«Үздік олимпиадалық команда-2024» номинациясымен Павлодар қаласының құрама командасы марапатталды.

         Торайғыров университетінің білім гранттары облыстық олимпиада жүлдегерлеріне - он бірінші сынып оқушылары № 2 орта мектептің оқушысы Кабиева Амина және № 29  мектеп оқушысы Куленов Исламға табысталды.     

         А.Байтұрсынұлы атындағы мектептің он бірінші сынып оқушысы Абишев Нариман  Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің грантына ие болды.

        Облыстық кезеңнің жеңімпаздары ағымдағы жылдың наурыз айында республикалық олимпиаданың қорытынды турына қатысу құқығына ие болды.