Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«FIRST Kazakhstan 2024» робототехника бойынша ұлттық чемпионаттың өңірлік іріктеу кезеңінің қорытындысы"
02-02-2024 18:04
«FIRST Kazakhstan 2024» робототехника бойынша ұлттық чемпионаттың өңірлік іріктеу кезеңінің   қорытындысы

 Павлодар  облысының  жастар бастамаларын дамыту орталығының базасында 2024 жылғы 1 ақпанда "«FIRST Kazakhstan 2024»  робототехника бойынша ұлттық чемпионаттың өңірлік іріктеу кезеңі өтті. Чемпионатқа облыстың жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептері мен қосымша білім беру ұйымдарының 193 оқушысы  43 құрама команда  қатысты.  

       Павлодар қаласының  12  мектебінен  83 оқушы  22 құрама команда  қатысты. Жарыс екі санатта өтті: LEGO League Explore (6 жастан 10 жасқа дейін) және LEGO League Challenge (10 жастан 16 жасқа дейін). Чемпионат қорытындысы бойынша 11 команда номинациялармен және сыйлықтармен марапатталды. Lego League Explore санатында (6 жастан 10 жасқа дейін) номинациялармен марапатталды.

        А. Байтұрсынұлы атындағы ЖОББМ "RoboStar" командасы; Б. Момышұлы атындағы ЖОББМ "Robosmart" командасы; №35 ЖОББМ "ЅКүш бірлекте" командасы; Малайсары батыр атындағы ЖОББМ "Baybots" командасы; мектеп-гимназияның "Технопульс" командасы жәнеШ. Шөкин атындағы мектеп-гимназия; № 29 ЖОББМ "Robobot" командасы; Ш. Шөкин атындағы мектеп-гимназияның "Легомандар" командасы. Lego League Challenge санатында (10 жастан 16 жасқа дейін) номинациялармен: Ш.Шөкин атындағы мектеп-гимназиясының "Electro Squad" командасы, №21 ЖОББМ "Art wizards" командасы, №2 ЖОББМ "RoboHeart" командасы, А. Байтұрсынұлы атындағы ЖОББМ "ВЕЅТкрест" командасы марапатталды.

         Қатысушылар мен олардың басшыларын чемпионатта сәтті өнер көрсетулерімен құттықтаймыз және жарысқа дайындық кезеңінде әдістемелік сүйемелдеу мен кеңес бергені үшін USTEM foundationқоғамдық қорына үлкен алғысымызды білдіреміз.