Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Қалалық Абай оқулары туралы
05-02-2024 10:05
Қалалық Абай оқулары туралы

        14 ақпан күні сағат 14.00-де № 14 мектепте Павлодар қаласы білім бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығымен  «Абай оқулары» республикалық байқауының қалалық кезеңі өткізіледі.  

Байқаудың мақсаты - қазақстандық жазушылардың әдеби мұрасын дәріптеу, оқушылардың классикалық қазақ әдебиетін оқуға деген қызығушылығын арттыру.

      8-11 сынып оқушылары, мектеп кезеңінің жеңімпаздары қатысады. Оқулар алты номинация бойынша өтеді: «Өлен - сезді патшасы, сөз сарасы», «Абайды қара сөздері», «Абайдың  ақын шәкірттерінің  шығармалары», «Көңілім әнді ұғады», «Жүйріктен  жүйрік озар жарысқанда», «Сөз өнеріндегі ұлы Абай бейнесі».

      Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы білім бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады. Қалалық оқу кезеңінің жеңімпаздары  байқаудың облыстық кезеңіне қатысады.

 

«Павлодар дарыны» БУҚБДДО